Олжас Бектенов халықтың жыл сайынғы табысын арттыру керек екенін айтты

9
19.11.2025 17:50

 Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, Президент тапсырмаларын орындаудың үш жылдық бағдарламасын әзірледі. Премьер министр Олжас Бектенов бұл жоспардың басты мақсаттарын атап көрсетті.  Айтуынша, аталған жүйеде халықтың жыл сайынғы нақты табысын орта есеппен 2-3%-ға арттыру көзделген. Сондай ақ, 2026-2028 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде елімізде тұрақты экономикалық өсім қамтамасыз етілмек. Және инфляцияны төмендетуге, теңгерімді тарифтік саясатты жүргізуге ерекше назар аударылады.