Премьер-министр Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бұл саладағы «сұр схемалар» туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, цифрландыру нәтижесінде әлеуметтік салада бірқатар заңсыздықтар анықталған. Мәселен, 40 мың азаматтың ресми еңбек шарттары болмаса да, оларға ейнетақы жарналары түсіп тұрған. Қызметкерлер бір аймақтағы мектепте жұмыс істегенімен, басқа облыстардағы ұйымдарда да еңбек шартына отырып, жарна алған. Сонымен қатар, 9 мыңнан астам ұйымның штаттық кестелері декларациядан өтіп, 75 заңсыз лауазым анықталды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы тексерісті әрі қарай жалғастырып жатыр. Бұл жұмыстар биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Оқу-ағарту министрліктеріне, сондай-ақ өңірлердің әкімдіктеріне бірқатар тапсырма берді.