Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Үкіметтік комиссия құрылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, қаза тапқандардың жерлеу рәсімін ұйымдастырылуда. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша шешімдер қабылданатын болады.