Жеке тұрғын үйден өрт шығып 12 адам қаза тапты

15
18.11.2025 18:30

Жетісайда екі қабатты тұрғын үй өрт шығып, 12 адам қаза тапты. Оның 9-ы бала. Оқиға  Алғабас ауылында бүгін  таңға жуық болған. Жылдам тұтанған жалын аумағы 360 шаршы метр жерді шарпыған.  Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде ес-түссіз  жатқан екі ересек адам мен  бір бала апат орнынан алып шыққан. Олар жедел медициналық жәрдем бригадасына көмегімен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша зардап шеккендер қазір жансақтау  бөлімінде, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде. Өртке байланыста тергеу басталып, өрттің шығу себебі анықталуда.