«Қазақ романсиадасы» байқауы өтті

16
17.11.2025 17:38

Түркістан қаласында 27-ші халықаралық «Қазақ романсиадасы» жас орындаушылар байқауы өтті. Биыл өнер сайысына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытайдан 57 өнерпаз қатысты. Олар рояльдің сүйемелдеуімен жанды дауыста романс орындады.  Байқау қорытындысы бойынша «Қазақ романсы» номинациясында бас жүлдені Астанадан келген Айдос Оразов пен Айкерім Ахметова жеңіп алды. «Классикалық романс» бағыты бойынша  Дияна Ерсерікқызы, Дарын Бисаринов және Қытайдан келген Мераяти Адилиджанг үздік атанды. Жеңімпаздар екі номинация бойынша марапатталып, бас жүлде иегері Мәскеуде өтетін халықаралық «Романсиада» байқауына жолдама алды.Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, халықаралық құрамдағы қазылар алқасына шынайы алғысын білдірді. Қатысушылардың айтуынша, байқау тартысты өткен және елдер арасындағы мәдени байланысты нығайта түсті.