Түркістанда «Медиация – татулықтың тірегі» атты облыстық форум өтті. Шараны қоғамдық даму басқармасы мен «ШАҢЫРАҚ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы ұйымдастырған. Жалпы жиынның мақсаты: қоғамда бейбітшілік пен келісім мәдениетін дамыту, дау-жанжалды сотқа жеткізбей, өзара түсіністік пен мәміле арқылы шешудің тиімді жолы ретінде медация институтын насихаттау. Форум барысында бітімгерлер қатысушыларды толғандырған, өзекті сұрақтарға жауап берді.