Түркістан
EN

Аутизмі бар балалардың мәселесі қаралды

66
17.11.2025

Аутизмі бар балар саны артып барады. Түркістан облысында бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 2 есеге көбейген. Ал мамандар әлі күнге дейін баланың мұндай ерекшелігіне әсер ететін негізгі факторды анықтай алмай келеді. Мәселе бұл ғана емес, қазір қоғамда аутизмі бар балаларды қабылдау, ем шараларын көрсететін орталықтардың аздығы мен маман тапшылығы байқалады. Осы түйткілдерді жүйелеп, ортақ шешім табу мақсатында мәслихат депутаттары, салалық басқарма өкілдері мен психиатр мамандар бас қосты. Жиында аутизмі бар балаларды қолдаудың бірыңғай алгоритмі бекітілді. Жаңа жүйе бойынша логопед және дефектолог мамандар біліктілігін арттырып, балалардың тегін ем қабылдауына мүмкіндік қарастырылмақ.