Қазавиақұтқару әуе құрамының ұшқыштары мен санитарлық авиация дәрігерлері жаңа туған нәрестені Риддерден Өскеменге шұғыл жеткізді. Медициналық көрсеткіштер бойынша шұғыл тасымалдауды қажет еткен сәби арнайы жабдықталған Төтенше Жағдайлар Министрлігі тікұшағы облыстық медицина орталығына әкелді. Ұшу сәтті өтті. Авиациялық экипаж бен дәрігерлердің жедел және кәсіби жұмысының арқасында науқас сәбиге медициналық көмек дер кезінде көрсетілді. Бұл жағдай Қазавиақұтқару қызметінің еліміздегі қауіпсіздікті сақтау және жедел медициналық көмек көрсету саласындағы жоғары деңгейдегі кәсібилігін тағы да дәлелдеді.