Түркістан
EN

Алимент төлемеген 316 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды

145
29.03.2022

Енді бір ай ішінде алимент өндіре алмаса, сот орындаушы лицензиясынан айырылады. Мәжілістегі Үкімет сағатында мәлім болған ақпараттың елең еткізері осы. Бұл өзгеріске сот орындаушыларға қатысты даудың көбеюі негіз болған. Әділет министрінің айтуынша, былтыр сот орындаушылары 7 млн іс жүргізіп, оның 2 млн-ынан ғана қарыз өндірген. Алимент төлемеген 316 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды. Алайда сот орындаушыларының қызметін жетілдіру үшін біршама жұмыстар  атқарылуы тиіс. Мәселен, тараптарды хабарландыру ісі әлі ақсап тұр. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер ақпараттық жүйеге қосылмаған.