Түркістанда бой көтеріп жатқан әлеуметтік маңызы жоғары нысандардың құрылысы тұрақты бақылауда. Осы мақсатта облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Бұл ретте мемлекеттік мекемелерге арналған жаңа әкімшілік ғимараттың құрылысы тексерілді. Қазіргі таңда абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары атқарылуда. Құрылысқа 70-тен астам жұмысшы мен 5 техника жұмылдырылған. Ғимаратты жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделуде.