Түркістан
EN

Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

108
14.11.2025

Түркістандағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовты еске алуға арналған халықаралық турнир жалауын көтерді. Дәстүрлі додаға биыл 4 елден 420-ға жуық жас балуан жиналған. 2006–2007 жылы туған өрендер үш күн бойы бозкілемде бақ сынайды. Олар 11 салмақ дәрежесінде белдесіп, мықтыларды анықтайды. Айта кетсем, халықаралық жарыс биыл 29-шы рет ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат – жас спортшылардың шеберлігін шыңдау ғана емес, достастықты нығайту. Жалпы Түркістан облысында еркін күреспен 5000-ға жуық жасөспірім айналысады. Оларды 200-ден астам жаттықтырушы баптап жүр.