Қостанай облысында полицейлер мас күйде жүк көлігін басқарған жүргізушіні тоқтатты

12
14.11.2025 19:05

Алматы–Екатеринбург тас жолының  бойында  жүк көлігінің шайқатыла жүріп келе жатқанын байқаған патрульдік полиция   жүргізушіге тоқтау туралы талап қойған. Алайда жүргізуші қашуға тырысып, ақыр соңы рулді игере алмай  жиегіндегі балшыққа батып қалған. Тәртіп сақшылары бірден әрекетке көшіп, көлік кабинасына секіріп мінеді. Полицейлер жүргізушіден алкоголь иісін сезіп, оны медициналық куәландыруға жеткізді. Сараптама оның орташа дәрежеде мас болғанын растады. Ал жүргізушінің өзі жолға шығар алдында сыра ішкенін мойындаған. Белгілі болғандай, ол Қостанайдан Ресейге 30 тонна тұрмыстық техниканы тасымалдап бара жатқан.  Құқық бұзушы енді 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.