Елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде лифт құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ведомство мәліметінше, апат болған сәтте лифт ішінде қызмет көрсетуші ұйымның жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Оқиға салдарынан бір жұмысшы көз жұмып, тағы екеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Айта кетейік, ел бойынша тұрғын үй қорында 33 мыңнан астам лифт бар. Соның 4 мыңнан астамы 25 жылдан бері қолданыста, ал 3 мыңнан астамына шұғыл түрде күрделі жөндеу қажет.