Түркістан
EN

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тұрғындардың мәселесін тыңдады

110
14.11.2025

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындарды қабылдап, өтініштері мен шағымдарын тыңдады. Әр өңірден келген 15-ке жуық азамат әлеуметтік мәселені көтерген. Мәселен бірі  мүгедек баласына әлеуметтік көмек сұраса,  енді бірі жұмысқа орналастырып беруді өтінген. Сондай-ақ, Арыс, Мақтаарал, Жетісай аумағындағы жекеменшік мектептерді қаржыландыру, ФАБ құрылысы және жаңа мектептің жанынан қосалқы мектеп салу мәселесін сөз болды. Ертай Алтаев бұл сауалдарды заң жүзінде қарастырып, тиісті жұмыстар жүргізетінін айтты.