Ұлттық ұлан әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларын күшейтті. Биыл жыл басынан бері бақылау-өткізу бекеттерінде тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан 36 дерек анықталған. Бірлескен патрульдік қызметтің нәтижесінде тыйым салынған затты өткізбек болған жүз жиырма сегіз әрекет әшкереленді. Тіпті кейбір пысықайлар жеті рет түрме аумағына дрон арқылы зат жеткізуге талпыныпты. Ал Леңгер қаласындағы №55 мекемеде қызмет атқарып жүрген Әділет Нұрланұлы қырағылықтың үлгісін көрсетті. Ол аумаққа кіріп келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде цемент салынған қаптың ішінен он ұялы телефонды тауып, колонияға жібермеген.