«Қазіргі заман қаһармандары» марапатталды

13
13.11.2025 18:29

Астанада ерлігімен көзге түсіп, бүгінгі күннің батырына айналған полицейлер мен Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды. «Қазіргі заман қаһармандары» республикалық акциясына еліміздің барлық өңірінен ерен ерлігі ел ауызында жүрген жандар келген. Тәуелсіздік жылдарында елімізде қызметтік борышын өтеу кезінде 819 тәртіп сақшысы қаза тапты. Соның 92-і аса қауіпті қылмыскерлердің қолынан көз жұмыпты. Салтанатты рәсім барысында бейбіт уақытта ерлік пен жанқиярлық танытып адам өмірін құтқарған 16 тұрғын, 15 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның бір әскери қызметшісі марапатталды.