Түркістан
EN

Әділет министрі: "Елбасынан сұрақ-жауап алуға тыйым жоқ"

144
29.03.2022

Нұрсұлтан Назарбаевтан, оның отбасы мүшелерінен сұрақ-жауап алуға тыйым жоқ. Мәжіліс кулуарында Әділет министрі Қанат Мусин осылай деді. Алайда, ұстауға, қамауға алуға заң рұқсат бермейді. Министрдің түсіндіруінше, заң тек бұрынғы мемлекет басшысының өзіне, қыздарына ғана тиісті. Ал, жақында ғана тұтқындалған Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды бұл санатқа жатпайды.