Түркістан
EN

Жылыту маусымына түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр

58
12.11.2025

Бүгін Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округінде жылыту маусымына байланысты көгілдір отынды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша бірнеше ауылдық жерлерге газ желісі енді тартылып жатқандықтан, бұл жұмыстар улану секілді жайттардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Түсіндірме жұмыстары Сауран ауданы газ қызметінің аға инженері, төтенше жағдайлар министрлігі, сонымен қатар ауданның ерікті жастарының қатысуымен өтті.