Түркістан
EN

«Тегін көшет алып, өз ағашыңды отырғыз» атты күзгі ағаш егу акциясы өтті

54
12.11.2025

Түркістан облысы Абай ауылының тұрғындары күзгі ағаш егу жұмысына кірісті. Өңірде «Тегін көшет ал да, өз ағашыңды ек» акциясы өтті. Шараның басты мақсаты – аудан аумағын көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.  Оған кәсіпкерлер мен ардагерлер, жергілікті әкімдік өкілдері, тазалық мекемесінің жұмысшылары қатысты. Көпшілік тұқымбақтан жеткізілген талдарды егіп, ауылды абаттандыруға атсалысты. Жалпы аудан бойынша күз айларында 25 мыңнан астам ағаш егу жоспарланып отыр. Игі бастама аясында жастар «Таза табиғат, таза болашақ» атты флешмоб өткізді.