Түркістан
EN

Жаңа су қоймасы ашылады

67
12.11.2025

Түркістан облысында жаңа су қоймасы салынады. 45 млн текше метр су сиятын жобаның құрылысы Ордабасы ауданы  Боралдай елді мекенінде жүргізіледі. Бұл жайында Ордабасы аудандық мәслихатының төрағасы Бақдәулет Жұмабеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді.  Су жинау айдыны салынған жағдайда Ордабасы, Отырар, Сауран аудандары мен Түркістан қаласындағы 67 мың гектарға жуық егістікті суаруға мүмкіндік туады.   Қазір нысан салынатын орындағы жер иелерімен келіссөз жүріп жатыр.