Түркістан
EN

Мақта кластерін дамыту бойынша инвестормен меморандум жасалды

50
12.11.2025

Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға бағытталған маңызды шешім қабылданды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлармен кездесіп, өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Кездесу барысында тараптар өңірдің индустриялық және ауыл шаруашылығы әлеуетін тиімді пайдалану, жаңа өндіріс орындарын ашу мәселелерін талқылады. Жоба аясында өңделген мақтадан түрлі жіп және тоқыма бұйымдарын шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өндіріс барысында жергілікті  азаматтар жұмысқа тартылып, су үнемдеу технологиялары қолданылмақ. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің толық тізбегін қалыптастырып, өңір экономикасына серпін беретін болады. Өңір басшысы жобаны қолдауға дайын екенін айтып, инфрақұрылым мен энергиямен қамтамасыз ету мәселесі бойынша нақты шаралар қабылданатынын жеткізді. Өндіріс орны іске қосылғанда  өңірде жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті шаруалардың табысын арттыруға, экспорттық әлеуетті дамытуға және тоқыма өнеркәсібін жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік тумақ.