Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті автокөліктерді заңсыз тіркеу дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Мән-жайды анықтау барысында арнайы ХҚКО қызметкерлерінің көмегімен бір топ адамның үш жыл бойы көліктерді бастапқы тіркеу үшін төленетін алымдарды айналып өтіп, жалған тіркеу жүргізгені анықталды. Делдалдар арқылы әрекет еткен күдіктілер салық төлеуден жалтарғысы келген автокөлік иелерін тауып, техникаларды тұлғалардың атына жалған рәсімдеп отырған.