Түркістанда 9-сынып оқушысы әлімжеттіктің кесірінен көз жұмғаны белгілі болды. Жасөспірім осыдан бір апта бұрын құрдастарының қолынан қаза тапқан. Марқұмның туыстары сол күні ұлдарын бірнеше досы үйіндегі ересектерден сұрап алып кеткенін айтады. Сол кеткеннен оралмаған жеткіншектің жансыз денесі мола маңынан табылыпты. Жүрек тұсынан алған бірнеше соққының салдарынан баланың жүрегі жарылып, ұйқы безі езіліп кеткен,-дейді жақындары. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша қазір бұл жағдай қылмыстық іс ретінде тіркелген.