Шетелдік инвестициялар көлемі 543,5 млн долларға жетті

13
11.11.2025 19:31

 Биыл Түркістан облысының экономикасына тартылған шетелдік инвестиция көлемі 543,5 миллион АҚШ долларына жетті. Бұл – өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық әлеуетінің артып келе жатқанының айқын көрсеткіші. Қазіргі таңда жаңа өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық өсімді нығайту бағытында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2025–2028 жылдар аралығында 111 инвестициялық жоба іріктеліп, олардың толық іске асуы нәтижесінде 24 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылмақ.