Қазақстан мен Израиль су ресурстарын басқару саласына қатысты меморандумға қол қойды

12
11.11.2025 19:30

Қазақстан мен Израиль су ресурстарын басқару ісіндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтерді. Екі елдің салалық министрліктері өзара түсіністік пен әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Құжат су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, суды үнемдеу және қайта пайдалану технологияларын енгізу, сондай-ақ инновациялар мен цифрлық шешімдер бойынша тәжірибе алмасуды көздейді. Сонымен қатар екі мемлекет су тасқыны мен құрғақшылық қаупін басқару, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және мамандарды бірлесіп даярлау бағытында жұмыс істеуге уағдаласты.