Түркістан
EN

Инвесторлармен жаңа жобалар жүзеге асады

28
11.11.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бір топ шетелдік инвесторды қабылдап, әріптестік орнату бойынша келіссөз жүргізді. Өңір басшысы  инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Қос тарап әріптестікті нығайтып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін жеткізді. Айта кетейік, биыл облысқа негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін 1 трлн. 400 млрд. теңгеге жеткізу міндеттелген.  9 айдың  қорытындысымен өңірге тартылған инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асты. Бұл былтырмен салыстырғанда 115 %-ға жоғары.