Түркістан
EN

Ауылды сапалы ауызсумен қамтитын 9 жоба жүзеге асуда

87
10.11.2025

Солтүстік Қазақстан облысында 200-ден астам ауылды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірге жұмыс сапарымен барып, құрылыс барысын тексерді. Министр алдымен Көкшетау топтық су құбырынан Айыртау және Шал ақын аудандарына тартылып жатқан 220 шақырымдық желінің құрылысына барды. Бұл жоба аяқталуға жақын. Сонымен қатар, ведомство өңірде үш жаңа ауызсу жүйесін іске қосып, 22 мың тұрғыны бар 42 ауылды орталықтандырылған су жүйесіне қосу мүмкіндігін жасады. Нұржан Нұржігітов «мемлекет басшысы халықты сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз ету міндетін қойды. Сондықтан жобаларды уақтылы әрі сапалы орындау қажет» екенін айтты.