Түркістан
EN

Енді БЖЗҚ қаржысын ипотека жабу үшін пайдалануға болады

69
10.11.2025

Елімізде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржыны пайдалану мүмкіндігі кеңейтілмек. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жаңа заң жобасын әзірледі. Құжатқа сәйкес, енді азаматтар жинағын тек ипотеканы жабуға ғана емес, ай сайынғы төлемін азайту немесе несиенің мерзімін қысқарту үшін де пайдалана алады. Өзгерістердің негізгі себебі — жаңа Салық кодексімен байланысты. Келесі жылдан бастап зейнетақы төлемдерінен және баспана алу не емделуге арналған біржолғы төлемдерден жеке табыс салығы ұсталмайды. Яғни, енді азаматтар өз жинағын толық көлемде пайдалана алады. Министрліктің түсіндіруінше, бұл бастама — зейнетақы жинағын пайдалану процесін жеңілдетіп, азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға қосымша мүмкіндік беру мақсатында қолға алынған.