Жыл басынан бері Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Түркия, Италия және Қытайдың жетекші 113 туркомпаниясы үшін ақпараттық турлар ұйымдастырылған. Сондай-ақ өңірдің мүмкіндіктері Түркия, Белгия және Ұлыбританияның беделді медиа құралдары арқылы халықаралық аудиторияға таныстырылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың қатысуымен өткен жиында айтылды. Басқосуда көршілес елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, туризм саласын дамыту бойынша ұсыныстар талқыланды.