Түркістан
EN

Елімізде экологиялық таза авиаотын өндіретін зауыт салу мәселесін талқылады

69
10.11.2025

Елімізде жылына 54 мың тонна  экологиялық таза авиаотын өндіретін кәсіпорын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта зауыттың техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалған.Бұл бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов  америкалық LanzaJet компаниясының басшыларыменкездесті. Басқосуда  тараптар өнеркәсіптік және технологиялық серіктестікті дамыту,  сондай-ақ, жобаны іске асыру тетіктері талқыланды Айта кетейік, бастама «жасыл» авиацияны дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, биоотын өндірісі пАрниктік газдар шығарындыларын азайтып, Қазақстанның климаттық және энергетикалық басымдықтарына сай келеді.