Түркістан
EN

Ант қабылдау рәсімі өтті

56
10.11.2025

Шымкент қаласында  әскер қатарына алынған 119 сарбаз  Отан алдындағы борыштарын өтеуге ант қабылдады. Қолдарына қару алып,  халқымыздың бейбіт өмірін сақтауға әрқашан дайын екендерін мәлімдеді. Аталған іс-шара Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына орай Шәмші алаңында ұйымдастырылды. Саслтанатты жиын Шымкент қаласының ардагерлер қауымдастығының ардагерлері мен отан қорғаушылардың ата-аналарының қатысуымен өтті.