Шымкентте медицина майталманы, ел медицинасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан академик Мұқан Егізбаевтың құрметіне арналған халықаралық мультидисциплинарлық мастер-класс басталды. Ауқымды шара Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр.Мастер-класс аясында Қазақстан, Түркия және Ресейден келген жетекші мамандар клиникалық медицинаның өзекті мәселелерін талқылап, заманауи емдеу тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетеді. Дәрігерлер инновациялық технологияларды медицинаға енгізудің тиімді жолдарын ұсынады. Биылғы бағдарлама ерекше — шара барысында академик Мұқан Егізбаев атындағы сыйлықтың иегерлері анықталады. Бұл марапат аймақтың денсаулық сақтау саласына ерекше үлес қосқан үздік дәрігерлер мен жас мамандарға табысталады.