Қостанайда 4 адам өрттен қаза тапты. Оның екеуі 2011 және 2013 жылы туған қыз балалар. Қызыл жалын 27 наурыз күні 13:57 де Тобольская көшесіндегі 2 қабатты үйден шыққан. Тілсіз жау баспананың екінші қабатының 100 шаршы метрін шарпыған. Оқиға орнында үй-жайды жалға алған 1988 жылы туған азаматтың денесі табылды. Сондай-ақ, зардап шеккен 1985 жылы туған тағы бір тұрғын жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Өрт сағат 15:05-те толық сөндірілді. Қазірде шығу себебі анықталып жатыр.