Елімізде қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілді. Құқық қорғау органs қызметкерлері Астана, Алматы қалаларымен қоса тағы тоғыз облыстағы күдікті орындарды тексерген. Арнайы операция нәтижесінде 40 қару мен 800 оқ-дәрі тәркіленді. Табылған заңсыз заттардың ішінде жаяу әскер отшашары, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, және 5 граната бар. Қарудың заңсыз айналымына қарсы жұмыс әрі қарай жалғасып жатыр.