Жетісу облысында монша өртеніп, келушілерді әбігерге салды. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жетемін дегенше 22 адам қауіпсіз жерге қашып үлгерген. Құтқарушылар апат болған жерге жедел жетіп, жалынның жақын орналасқан ғимараттарға таралуының алдын алды. Мамандар жалпы 600 шаршы метр аумақтағы өртті толық ауыздықтап үлгерді.