Түркістан
EN

Шымкентте 10 миллион талап еткен блогер ұсталды

113
07.11.2025

Шымкентте блогер-журналист ұсталды. Ол мемлекеттік қызметшіден 10 миллион теңге талап еткен деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, күдікті бұл ақшаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдар туралы теріс ақпарат таратпауға уәде берген.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында блогердің тұрғылықты жері мен кеңсесін тінтіп, электронды құрылғылар мен өзге де айғақтарды тәркіледі. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құзырлы органдар бұл істің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полиция азаматтарға бопсалау – қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқықбұзушылық екенін ескертеді.