Түркістан
EN

Түркістан облысында жерді заңсыз пайдаланып, пайдалы қазба өндіргендер анықталды

113
07.11.2025

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар анықталды. Прокуратура «Дрон» арқылы Сауран ауданындағы «Құрсай» өзені бойында құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру фактісін әшкереледі. Нәтижесінде заңсыз меморандум бұзылып, Шаға ауылдық округінің әкімі қызметінен босатуға ұсынылды. Аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапқа тартылды. Айта кетейік, жер қойнауын заңсыз пайдалану – халық наразылығын тудыратын және қоғамдық-саяси тұрақтылық пен қоршаған ортаға теріс әсер ететін факторлардың бірі.