Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөнінде семинар өтті

14
07.11.2025 22:14

 Бүгін Түркістан облысында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары» аясында семинар өтті. Шараны облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды. Аталған жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, Қоғамдық даму басқармасы басшысы міндетін атқарушы, Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер мен ұйым қызметкерлері арасында әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру және әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің маңызын түсіндіру.