Алматы қаласынан Шымкентке есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды. Тергеу кезінде Алматы облысы тұрғынының бұған дейін бірнеше рет синтетикалық есірткіні тасымалдағаны анықталды. Оның жалға алған пәтерінен 200 грамға жуық есірткі тәркіленді. Сондай-ақ полицейлер өз ауласында қара сора өсірген жергілікті тұрғынды да ұстады. Оның үйінен жалпы салмағы 2,5 келіден асатын төрт түп қарасора табылған. Қазір екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі айналымына қатысы бар кез келген заңсыз әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.