Түркістан
EN

Түркістан мен Хорезм облыстары туризмді бірлесе дамытады

46
07.11.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір делегациясы Өзбекстанның Хорезм облысына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты – туризм саласындағы әріптестікті арттырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру. Кездесуде Нұралхан Көшеров пен Хорезм облысының әкімі Журабек Рахимов екі өңірдің тарихи, мәдени байланыстары мен туризм әлеуетін таныстырды. Атап айтқанда Түркістан – Хиуа бірыңғай туристік бағытын әзірлеуді, мәдениет пен қолөнер күндерін өткізуді, сондай-ақ әуе қатынасын дамыту арқылы туристік байланысты күшейтуді ұсынды. Журабек Рахимов Хорезмге арнайы барған Нұралхан Көшеров пен облыс делегациясына алғысын білдіріп, өңірлер арасындағы байланыстар нығайып, ортақ жобалар жүзеге асарына сенім білдірді.