Түркістан
EN

Халықаралық іздеудегі келіншек табылды

181
29.03.2022

Халықаралық іздеуде болған 17 жасар келіншек табылды. Ол 22 ақпанда үйінен шығып кетіп, оралмаған болатын. Осыдан бір ай бұрын жоғалып кеткен келіншек Жамбыл обылысында болып шықты. Қыздың анасы оның аяғы ауыр екенін айтып, құзырлы органдарға шағымданған. Әлі Кәмелет жасқа да толмаған Назым Алдаш үйінен психологқа көрінем деп шығып, хат-хабарсыз кеткен. Колледж студенті өткен жылы Жамбыл облысына келін боп түскен. Жүкті әйел соңғы рет үйіне жолдасынан таяқ жеп келіпті. Содан сыртқа шығып кеткен Назым  осы уақытқа дейін азаматтық некедегі күйеуімен жүрген. Ешкімге арызым жоқ деген Назым Алдаш үйіне оралмайтынын, күйеуімен қалатынын айтты. Ал, келіншек табылғасын із-түзсіз жоғалу бабы бойынша қозғалған іс қысқартылды.