Мәслихаттар қоғам мен билік арасындағы тиімді диалог алаңына айналуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен республикалық форумда ерекше атап өтілген болатын.
Сол бастаманы жүзеге асыру мақсатында бүгін Түркістан қаласында «AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен аудандық мәслихат төрағаларының ашық форматтағы есеп беру брифингі өтті.
Баспасөз мәслихатына Отырар аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов, Жетісай аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов және Мақтаарал аудандық мәслихатындағы тұрақты комиссия төрағасы Қалмырза Бейсенбаев қатысты.