Түркістан
EN

Мұнай өндірісі күшейіп келеді

44
07.11.2025

Елімізде энергетика саласы  дамып, мұнай өндірісі ұлғайды. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына барып, мұнай-газ саласындағы Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Үкімет басшысы Қарашығанақ және Чинарев кен орындарында болып, өндірісті жаңғырту мен жергілікті мамандар үлесін арттыру мәселесін талқылады.