Елордада Astana Media Week 2025 жалғасып жатыр. Бүгін стриминг нарығы мен отандық контент экономикасына арналған панельдік сессия өтті. Қатысушылар қазақстандық көрермен талғамының өзгеруі, платформалар арасындағы бәсеке және жаңа монетизация модельдері жайлы пікір алмасты.