Түркістан
EN

Мемлекет басшысы АҚШ-та оқитын қазақ студенттерімен кездесті

28
06.11.2025

Мемлекет басшысы АҚШ-та оқитын қазақ студенттерімен кездесті. Отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі. Жалпы қазір Құрама штаттарда 51 мыңға тарта қазақ тұрса, оның 3 мыңға жуығы сол елде білім алып жатқан  студенттер.  Айта кетейік, Президент бүгін Вашингтонға ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Мемлекет басшысы президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия — АҚШ» саммитіне қатысады.