Түркістан
EN

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

98
05.11.2025

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, экстремизм мен терроризм көріністеріне жол бермеу мақсатында республика көлемінде «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.      Бұл акцияға  Түркістан облысында мыңнан астам полиция қызметкері және 76 мемлекеттік орган мен қоғамдық құрылым өкілдері жұмылдырылған. Шара бірінші қыркүйектен бастау алды. Екі ай ішінде 300 мыңға жуық көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ 812 саяжай алқабы тексерілді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары есептегі тұлғалармен де профилактикалық жұмыс жүргізіп, олардың тұрғылықты жерлері бойынша жеті мыңнан астам тексеру өткізген.Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз брифингінде айтылды.