Түркістан
EN

Көлік отқа оранды

58
05.11.2025

Елордада төтенше жағдай болды. Қала орталығындағы «Триумф Астана» тұрғын үй кешенінің маңында кенеттен автокөлік өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, көлік қозғалып келе жатып, бір сәтте түтін шыға бастаған. Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетіп, қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көлік газ баллонымен жабдықталған, алайда жарылыс бола қойған жоқ. Бір тәуірі, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.