Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу тобы Кәрім Мәсімовты қылмыстық кодекстің 5 бірдей бабы бойынша тергеліп жатқанын мәлімдеді. Тарқатып айтар болсақ, 366-баптың 4-бөлігі – пара алу; 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағы –лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану; 175-баптың 1-бөлігі – мемлекетке опасыздық жасау сондай-ақ 179-баптың 3-бөлігі – ҚР Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға тырысу. Айта кетсек, комитеттің экс басшысына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын үш айға ұзартты. Ал оның мүлкі сот шешімі бойынша тәркіленген.