Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасының өкілдері туризм саласы бойынша бірқатар келісімге келді. Бұл үшін аймақтан арнайы делегация көрші елге аттанған болатын. Оның құрамында туризм саласына жауапты басқарма мен мекеме басшылары, туристік фирма жетекшілері, қонақ үй басшылары бар. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесіп, екі ел арасында жаңа әуе рейстерін ашу, туристерге арналған көлік бағыттарын үйлестіруге уағдаласты. Оған қоса түркістандық делегация Самарқан, Үргеніш қалаларына да барып, өзге де келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.