Түркістан
EN

Астанада «Astana Media Week 2025» басталды

63
05.11.2025

Астанада Орталық Азиядағы ең ауқымды медиа алаң – «Astana Media Week 2025» басталды. Биыл форум «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбына арналып  отыр. Үш күн бойы медиа мамандар, халықаралық серіктестер мен мемлекеттік ұйымдар бұқаралық ақпарат саласындағы өзекті бағыттар бойынша пікір алмасады. Дәл осы ауқымды шараға әріптесім Нұркен Қалижанұлы да қатысып жатыр. Нұркен қайырлы күн! Бүгін қандай тақырыптар форумға негіз болып отыр?